С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ: Оны өздерi де түйсiнiп отырғандай
Қазақ қоғамына үлкен реформа керек және реформа биліктің тап өзінен басталуы тиіс. Әйтпесе бүгінгі соққан дауылдың арты қарлы боран мен ақшұнақ аязға айналып кетуі бек мүмкін.
«Бізде бәрі керемет, бізде бәрі күшті!» дегеннің заманы өтіп барады. Нақты іс болмаса, мұндай ертегіге енді ешкім сенбейді. Халық оянды, оны қалың ұйқыдан оятқан жетіспеушілік пен мұқтаждық… «Мені құртқан Көкшолақ» демекші, біздің билікті де тығырыққа тіреген, түбіне жеткен мақтан мен мадақ па деп қорқамын.
Халықтың ашу-ызасын туғызатын жемқорлыққа белшесінен батқан шенділер шеттетілмей, бюрократия шырмауына шырмалған шенеуніктер тазартылмай, бүгінгі биліктің алысқа шабуы екіталай. Оны өздері де түйсініп отырғандай.
elana.kz