Қағба туралы қызықты деректер
* Қағба бірнеше рет тұрғызылған. Оның қазіргі көрінісі Ибраһим мен Исмайыл пайғамбарлар тұрғызған кездегі көрінісінен мүлде басқаша. Табиғи апаттар мен бұзылып, қираулардың нәтижесінде ол осыған дейін бірнеше рет қайта жаңартылған.
* Екі есігі мен терезесі және түрлі-түсті болған. Бір есігі – кіруге, екіншісі – шығуға арналған болатын. Біраз уақыт терезесі де бар еді. Қазіргі таңда тек есік қалған. Бастапқыда қабырғалары қызыл, жасыл, ақ түсті болатын. Оны қара матамен жабу Аббасидтер кезеңінен басталды.
* Кілті меккелік бір әулетке тиесілі. Әуел баста құрайыштар тайпасында болған кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолына тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.ғ.с.) кілтті Осман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып саналады.
* Қағба барлығы үшін ашық тұрған. Қазір жылына екі рет, арнайы қонақтар үшін ғана ашылатын есік бұрын аптасына екі рет кез келген адам үшін ашық тұратын болған.
* Қағбаны су басып кеткен кездер болған. Қағба таулар мен даланың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, су тасқындарымен күресуге мүмкіндік жоқ кезеңдерде оны қаншама рет су басып кеткен. Адамдар жан-жағында жүзіп құлшылық жасайтын болған.
* Қағбаның ішінде кез келген жаққа бұрылып намаз оқуға болады. Оның ішкі қабырғалары ақ түсті мәрмәрдан жасалған, едендері де дәл сондай аппақ мәрмәр.
* Екі Қағба бар. Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
* Орта ғасырларда қарматтар сектасы қажылықты «ырымшылдық» деп санап, ондаған мың қажыны өлтіріп, денелерін зәм-зәм құдығына тастап, Қара тасты өздерімен алып кетеді. Оны тек 22 жылдан соң ғана жарылып, сынған күйде қайтарады. Сондықтан қазір шашылып кетпес үшін оны күміс жиектемемен орап қойған.
* Пішіні бастапқыда тік төртбұрышты болатын.
* Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерек. Қағба Аллаға құлшылық жасағанда қайда қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас Қасиетті Үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді.