Қ.ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы: Сын айтқанның бәрi бүлiкшi…
Мемлекет пен билікті шатастырмауымыз қажет. Мемлекет – бұл қасиетті де киелі ұғым. Ал билік ондай емес. Билік халық атынан қызмет ететін, қатесі мен дұрыс ісі қатар жүретін, уақытша адамдардан құралған өкілеттілер.
Осы тұрғыдан алғанда, билік оппозицияның, кез-келген қоғам мүшесінің орынды сыны мен дұрыс пікірін тыңдай білуді, қатесін мойындап, содан оң нәтиже шығаруды үйренуі керек. Сын айтқанның бәрін бүлікші, мемлекетке дұшпан санауды қою керек.
Abai.kz