З.АХМЕТОВА: … адамды реттiлiкке, имандылыққа үйретедi
Тойлардағы шектен шыққан ысырапшылдық жайлы ойланып көрдік пе… Тек байлықты, барлықты көрсету үшін үстелдің үсті майысқанша асқа толтырамыз. Оның ішіп-жеу мүмкіндігі де шектеулі емес пе?! Бір ғана тойда аста-төк тағам түрінің көптігі сонша, кейбір дәмнің шеті бұзылмаған күйі дастарқанда қалады. Оның барлығы, шындап келгенде, қоқысқа тасталады ғой. Дәмнің киесінен қорқатын әр адам күнделікті қоқысқа кетіп жатқан бір жапырақ нанның киесі бар екенін ұмытпаса екен. Мұның бәрі айналып келгенде адамды реттілікке, имандылыққа үйретеді. Қазақтың тыйым сөздерінде этикалық, эстетикалық, адамгершілік, әдептілік, имандылық, табиғатты қорғау – осының барлығы, яғни тұрмыс-тіршіліктің, қам-қарекеттің барлық саласы жан-жақты қамтылған. Тыйым деген жоққа сену немесе біздің ұлттың ғана шығарғаны емес. Мұның астарында үлкен тәрбие жатыр…
«А»