Р.ЖҰМАЛЫ: Қоғам осы бетiнен қайтпауы керек

Біздегі кадрлық саясат ең бір түсініксіз сала. «Кадрлар бәрін шешеді» деген сөз бекерден бекер айтылмайды. Әр елде кадр мәселесі маңызды орында. Меніңше Шымкент әкімінің орнын босатуы өте орынды әрі қисынды. Оның бұл уақытқа дейін жасаған кей былықтары мен Лондонда жүріп жазған жазбасы жалғыз ғана себеп деп айта алмаймыз. Соңғы болып жатқан өзгерістер түптеп келгенде жекелеген адамдардың емес қоғамның талабымен жасалып жатыр. Халықтың наразылығы мен талабы күшейген соң, бұл соған жауабының бір көрінісі. Қоғам осы бетінен қайтпауы керек. Табандылық танытып, кадрлар-ға, басшылыққа деген өзінің заңды талаптарын қоя білуі керек. Бастық айтса дұрыс, үндеме деген сіңіп қалған менталитетімізді қойып, бастық атаулыға көзқарасты өзгертетін заман келді.

stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.