М.Тазабеков: Отбасы бақыты — ортақ құндылық
Ұлыңды сәл бостау ұстадың ба, ертең отбасының жауапкершілігін аздау сезінеді…
Қызың тым ерке болды ма, барған жеріне бірден сіңіп кете алмай уайымыңды арттырады…
Тәрбие, тоқшылық пен жоқшылық, сынаққа сабыр, артын күту, маxаббат пен мейірім, ақылды ата, қамқор ене, тілектес ана, үйлестіргіш әке, жанашыр дос, жымдастырғыш ағайын…
Осының бәрі отбасы бекемдігінің алтын қазықтары.
Көшеде бір үй өртенсе, бәріміз жабыла жүгіреміз. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, жанталаса жүріп сөндіреміз… Ал, айналамызда бір шаңырақ шайқалса ше?
Ұрыстың алдын алып, түсініспестіктің түбін қопарып, жанұшыра қорғаймыз ба?
Әлде, отқа май құйып, ілініп тұрған нәрсені үзіп жібереміз бе?
Alashainasy.kz