А.Нұрсила: Ұлт ретiнде жойылып кетпеймiз бе?
Ұлтты ұлт қылып сақтайын оның ата-бабадан сан ғасырдан келе жатқан тілі, салт-дәстүрі, адамдардың аты ғой. Жарты ұлт қазір өз тілінде еркін сөйлей алмайды. Яғни, жартылай сырқатпыз. Осылай жалғаса берсе тіл өледі.
Қазір қазақ балаларына қазақша емес, басқа ұлттардың атын қоюдамыз. Осылай жалғаса берсе, қазақша ат қоюдан қаламыз.
Бабалардан келе жатқан көптеген салттарымыз бен дәстүрімізден айырылудамыз.
Келін мен ененің, жұбайлардың арасындағы, үлкен мен кішінің арасындағы қатынастар жоғалып, басқа ұлттардың салты мен дәстүрі сіңіп барады. Осылай жалғаса берсе, ұлт сиқымыздан айырыламыз…
Ұлттық идеологияны жаңғыртып, сақтап, келер ұрпаққа беру арқылы, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға қалай да тырысуымыз керек…
Осы дерттен айыға аламыз ба? Ұлт ретінде жойылып кетпейміз бе?
Alashainasy.kz