Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, қоғам қайраткері: Соның кесiрiнен iрiп-шiрiп барамыз
Біз бір кездердегі әдет-ғұрып деген алтыны-мызды өзгенің «мысына» айырбастап, батыстың белгісіз секталарының ықпалында кеттік. Ал олар дінімізге де, ділімізге де қайшы. Соның кесірінен іріп-шіріп барамыз. Түрмеде отырған жастардың 70-80 пайызы қазақтар. Ал бұрын бір-бірімен керісіп қалған балаларды ауыл ақсақалдары байырғы қазақ салты бойынша бітістіріп, айыптысына құн төлететін. Соны білетін жастар мұндай масқараға қалмауға тырысып, түзеліп кетуші еді. Қазір біреу екінші біреудің екі мың теңгелік ұялы телефонын алғаны үшін, шырылдатып соттатып жібере салады. Сондықтан салт-дәстүрді қолға алмасақ, қазақы болмысымыздан, қазақы өмір салтынан мүлдем айырылу қаупі төніп тұр. Тіпті, оқымысты деген ғылым докторларының өзін көріп жүрмін, шыны керек, түңілемін, айтатындары өсек, бірін-бірі күндеу. Ал жастарға салт-дәстүрді үйретіп, жөн-жоралғы көрсететін солар сөйтіп жүргенде…
«АА»