Қ.ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы: …мақтана бергендi қою керек
Біз шапшаң халық болдық. «Ойбай, қазақ қонақжай, қазақ меймандос» дегенге бөркіміз қазандай болып мақтанамыз. Біз тым мақтаншақ халықпыз. Халқың қандай болса, үкіметің сондай дейді ғой. Үкімет те мақтаншақ болып кетті соңғы кезде. Бірден елу елдің қатарына, біресе отыз елдің қатарына қосыла қалмақ болады. Бізді біреу жарысқа түсіріп отырғандай-ақ. Осының бәрі – артық мақтаннан туған жосықсыз әрекет. Сол мақтанды азайтуға тиіспіз бұдан кейін. Мерекешіл, тойшылмыз. Кез келген отбасы дүрілдетіп, қолындағы бар-жоғын жұмсап той жасауға құмар. Соны айтқанымыз дұрыс. Мұндай үлкен шығыннан Еуропа баяғыда бас тартқан. Үнемшілдік қазаққа да керек. Қазақтың дастарханы кең, қолы ашық дегенге танауымыз шелектей болып мақтана бергенді қоюымыз керек. Қазақ көрсе, өзінің меймандостығынан көріп жүр қазір.
«ЖҚ»