5-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Арыс қаласындағы Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына тиесілі 5 сектордағы құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуына байланысты салтанатты жиын өтті. Шарада Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық маслихаттың, Төлеби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық маслихатының грамотасымен арнайы марапаттады.

Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек құрылыс сапасының дұрыс жүргізілуіне үлесін қосқан азаматтарға алғыс білдіре отырып, Арыс қаласы әкімінің және Арыс қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Жиын соңында шараға қатысқан барлық қонақтарға Төлеби ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС-нің атынан балмұздақ тарту етілді. Қиын қыстау сәтте қолдау білдіріп, арыстықтарға демеу болған №5 сектордағы Қарағанды облысы мен Төлеби ауданы әкімдіктеріне сектор тұрғындары алғыстарын жеткізді. Шара барысы Төлеби аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Айта кетерлігі, 5 сектордағы 11 көпқабатты үйдің 519 пәтеріне және 72 жеке тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.