Б.МАМРАЕВ, Мәжіліс депутаты: …жемқорлық бiлiм саласында ерекше байқалады

Адамның денсаулығын сақтау бойынша үлкен технологияларға Қазақстанның қолы жетіп жатыр, екінші жағынан оқу мекемелеріндегі парақорлық жайлы мәселе көтеріп отырмыз. Жылдар бойы жемқорлықпен күресіп келеміз. Мемлекеттік сатып алуда да, көптеген салада да кездескенімен, жемқорлық білім саласында ерекше байқалады. Қазіргі таңда күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін бүкіл қоғам біріге білуі тиіс.  Оқу мекемелерінің мұғалімдерінің арасында неліктен жемқорлар көбейіп тұр? Олар өз әрекеттерін немен ақтайды? Бір жағынан төменгі айлық деуі мүмкін. Төменгі айлықты желеу етіп, жемқорлықты ақтау – қылмысқа тең. Жемқорлыққа жол берген адамдардың кеселінен бүкіл білім саласына көлеңке түседі.

ҚазАқпара

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.