О.Сәбден: Осылар елдiң қамын айта алатын болады
Бізге екі палаталы парламенттің не қажеті бар? Бір палаталы болу керек те, оның жартысын партияларға сайлауға берейік. Олар сайлау өткізсін. Онда да шын сайлау болғаны жөн. Екінші жартысын халықпен бірге аудан, облыстан сайлау керек. Сонда депутаттың кім екенін біліп, хабардар болып отырасың. Және оларға шешілмей жатқан мәселені жеткізіп айта алатын боласың. Егер осылай түбегейлі өзгеріс жасасақ, онда ауылдан ұстаз, не дәрігер, кәсіпкер болсын сайлауға партиясыз-ақ келетін болады. Осылар елдің қамын айта алатын болады. Бізде не көп, шенеунік көп. Бізді шенеуніктер елі деуге болады. Шенеуніктерді 50% қысқартса дұрыс болар еді.
stan.kz