Р.ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: … жастарды уысымыздан жiберiп алдық
Біз әлі күнге қазақты ұлт ретінде нығайтатын механизмдерді жасай алмадық. Басқа этностарды былай қойғанда, қазақтың өзінің басы бірікпей отыр. Қазіргі күнге дейін қала-ауыл, орыстілді-қазақтілді, бай-кедей, рушылдық-жершілдік секілді бөліну үрдістері де қазақтың ұлт ретінде бірегейленуіне үлкен кедергі келтіруде. Оның үстіне, қазақ басы бірігетін шаралар қолға алына бастаса, тез ыдыратып жіберуге тырысатын күштер бар. Ең өкініштісі, тәуелсіздік жылдары ер жеткен жастарды уысымыздан жіберіп алдық. Жастардың басым бөлігі ұлтқа, адамзатқа қажет құндылықтарды емес, керісінше, керексіз қасиеттерді бойынша сіңіріп өсіп келеді. Ақшаға құмарлық, өзінің қарақан басының қамын ұлттың, мемлекеттің мүддесінен жоғары қою, өздерін толыққанды азамат ретінде сезінбеу секілді қасиеттер белең алып барады.
«А»