Жұлдыз жорамал

02.09. — 08.09.

Тоқты
Сіздің қамқорлығыңызға мұқтаж жандар үшін бір құрбандыққа баруға тура келеді. Бір түсініксіз оқиға сүйіктіңізбен араға салқындық әкеледі. Қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Яғни, жалақыңыз көбеюі не сыйақы алуыңыз мүмкін.
Торпақ
Қандай істі қолға алсаңыз да, сәттілік сіздің жағыңызда. Ойға алған ісіңізді жүзеге асыру үшін барыңызды салыңыз. Жалақысы жоғары жұмыс табасыз. Астан улану қаупі бар. Құмар ойынға жоламаңыз. Жаяу жиі серуендеңіз.
Егiздер
Сізге көмектесуге уәде берген адам сөзінде тұра алмайды. Достарыңыз демеу болады. Қолы­ңыздан келетін іспен айналысыңыз. Туыстарға көңіл бөліңіз. Басыңызға келген ойды дұрыс іске асырсаңыз, қомақты табыс әкеледі.
Шаян
Ақша табудың мүмкіндіктерінен бас тартпаңыз, бірақ әр істің тәуекелін де ескеріңіз, әйтпесе шығындалып қаласыз. Басқа салада еш қиындық жоқ. Тек балаларға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Жаңа таныстық жақсы әсер сыйлайды.
Арыстан
Ақша табудың мүмкіндіктерінен бас тартпаңыз, бірақ әр істің тәуекелін де ескеріңіз, әйтпесе шығындалып қаласыз. Басқа салада еш қиындық жоқ. Тек балаларға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Жаңа таныстық жақсы әсер сыйлайды.
Бикеш
Үй мен жұмыс деп жүріп, өзіңізді мүлде ұмыт қалдырдыңыз. Көңіл көтеруге уақыт тауып, ден­саулығыңызды күтіңіз. Жұмыс орнын ауыстыруды кейінге қалдырыңыз. Несиеге ештеңе алмаңыз. Дема­лыста ескі танысыңызды көресіз.
Таразы
Көптеген ойға алған шаруа­ларыңызды іске асырасыз. Жаңа іскерлік серіктес табасыз. Жеке өміріңізде де сәттілік күтіп тұр. Отбасы мәселелері сәтті шешіледі. Бір сәт өзіңізді балаша ұстап, қала­ғаныңызбен айналысуға болады.
Сарышаян
Мақсатқа ұмтылған жақсы, бі­рақ оған басқаларды таптап же­туге болмайды. Сізге жақсы дос бола алмайтын адамдармен қа­рым-қа­тынастан бас тартыңыз. Кей­бірі аяқ­тан шалуы мүмкін. Бос уақы­ты­ңызды оңаша демалуға арнаңыз.
Мерген
Үй шаруалары үшін сәтті апта. Құрылыс жұмыстары ойдағыдай аяқталады не үйге қажетті зат сатып аласыз. Шығыныңыз онша көп болмайды. Жұмыста күтпеген тексеру болып, әріптестеріңіздің бірі жұмыстан босап қалуы мүмкін.
Тауешкi
Барлық жағынан өте қолайлы апта. Жұмыста бәрі жақсы. Жеке кәсіпкерлік те тез нәтиже береді. Тек жеке өміріңіз біраз қаяу түсіреді. Отбасын құруды кейінге қалдыра тұрыңыз. Ал некеде болсаңыз, қызғанышқа бой алдырмаңыз.
Суқұйғыш
Жалқаулық пен күйзеліс көп күш пен уақыт жұмсалған істі аяқтауға кедергі келтіруі мүмкін. Ас мәзіріңізді жеңілдеткеніңіз жөн. Асқазан мен жүйке бір-бірімен байланысты. Жақсы адамдармен араласыңыз. Жат әдеттерді тастаңыз.
Балық
Өзіңіз қаламаған бір оқиғаға еріксіз куә боласыз. Мүмкіндігінше ұмытуға тырысыңыз. Әлеуметтік же­ліге кіретін уақытыңызды қыс­қартыңыз. Одан да өзіңізді жетіл­діріп, артық салмақтан арылыңыз. Таңертең жүгіруді бастаңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.