Жаңа Жолдау — жаңа табысты бастамалар
Елбасының басты саяси және тарихи мұрасы – мемлекетіміздің Тәуелсіздігін сақтау және нығайту баршамызға ортақ мақсат екені анық.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігінде өзіне лайықты орын алып отырғаны белгілі. Біздің ел ересектердің сауаттылығы бойынша адам дамуы индексінің жаһандық тізімнің бірінші үштігінде екен. Сондықтан да Қазақстан адами даму деңгейі жоғары мемлекеттер тобына енді. Бірақ осыған қарамастан елімізде атқарылатын жұмыстар аз емес.
2019 ж 16 тамыз конференциясын-да білім саласының мәселелері, «Педагог мәртебесі» және мұғалімдер-дің еңбекақысы артатыны айтылған еді.
Мемлекет басшысы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттырып, 2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысын 25 процентке өсіруді және “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасына бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл дегеніміз, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керек. Мықты кадрларды ауылға тарту мәселелері де көтерілді.
Президент Қ.Ж. Тоқаев қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Білікті педагог кадрлардың ауылдық жерлерде тап-шы екені даусыз.
Сондай-ақ тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыра отырып: “Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек”, — деді Мемлекет басшысы.
Президент зейнетақы жүйесінде айтарлықтай проблемалар жинақталғанын да айтты.
“Енді жұмыс істейтін адам зейнетақы жинақтарын зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана пайдалана алады, бірақ адамдардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін қолданғысы келетіндігі түсінікті.
Мен үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін, мысалы, үй сатып алу немесе білім алу туралы мәселені пысықтауды тапсырамын», — деді Қ.Ж.Тоқаев.
Жолдауда Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: “Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі”, — деді.
Міне, алда тұрған осындай тапсырмалардың өзі болашақ ел да-муының жоғары сапалы деңгейде болу мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді.
Г.Отарбаева,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы меңгерушісі,
т.ғ.к., доцент.