Ел Президенті Қытайға барды
Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысуға Қытайға іс-сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізуде:
– Біздің кездесуіміз ҚХР-дың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп отыр. Осы сәтті пайдаланып, Сізді және тұтас қытай халқын айтулы датамен құттықтағым келеді. Қытай бұл мерейтойға әлеуметтік-экономикалық және саяси даму тұрғысынан зор жетістікпен жетіп отыр. Осы оқиға тек Қытай Халық Республикасы үшін ғана емес, күллі әлем үшін тарихи мәнге ие деп ойлаймын. Сіздің мемлекеттің дамуы дүниежүзінің жіті назарында,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Пленарлық мәжіліс барысында «CITIC Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің Қытай тарапынан тең төрағасы Чан Чжэньмин, «Самұрық Қазына» АҚ басқармасының төрағасы, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің Қазақстан тарапынан тең төрағасы Ахметжан Есімов, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді.
Қазақстан Президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы «Hikvision» компаниясына барды.
Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына «Hikvision» компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан тарапының өкілдері қытайлық бизнесмендермен бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойды.
“Қазақстан жолы” – ақпарат