ТҮРКІСТАН: САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР БОЛМАУЫ ТИІС

Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясы тоғысатын жер- салық органы. Бүгінгі күні салық төлеушілердің сеніміне нұқсан келтіретін, еліміздің нарықтық экономикасының дамуына және ұлттық экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін  сыбайлас жемқорлық фактілері әлі күнге дейін тиылмай тұр.

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

 

Кездесуде Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін бірқатар себептерді атап өтіп, пара алумен қатар, пара беруде ауыр қылмыс болып табылатынын жеткізді.          Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның ішінде құжат рәсімдеу кезінде заңсыз әрекеттерге баруға және сыйлық алуға болмайтындығын ескертті. Жиында Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауы мен басшылардың дербес жауапкершілігі жан-жақты түсіндіріліп, парақорлыққа барған азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 366, 367 баптарымен жауапкершілікке тартылатыны атап көрсетілді. Шара соңында қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға заң аясында жауап беріліп, тиісті ақпараттар ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.