Ж.ШЫМШЫҚОВ, экономист: Сауатты саясат жүргiзсе,1 теңге 1 доллар болар едi
Елдегі барлық шикізат пен табиғат қорларын өзіміз игерсек, доллардың бәрі өзімізге түсер еді.
Өкінішке қарай, табыстың жартысынан көбін шет елдік компаниялармен бөлісіп отырмыз.
Біз азық-түлік өнімдерін өзімізде өндіріп, жағдайымызды жақсартуымыз қажет. Өкінішке қарай, азық-түліктің 40 пайызын шет елден сатып аламыз.
Егер де біздің Үкімет ең керемет саясат жүргізсе, 1 АҚШ доллары 1 теңге болар еді. Мысалы бізге Қытайдың тәжірибесі бойынша жұмыс жасау керек. Олар «Бізге доллар түкке керегі жоқ. Біздің өз юанымыз бар» деп жұмыс жүргізді. Юань дегеніміз “халықтың ақшасы” деген мағына білдіреді. Қытай кез келген ұсақ-түйек тауарды өздері өндіреді. Батыс Еуропаның барлық тұрмыстық тауарлары Қытайда өндіріліп, сатылады. Сондықтан да олардың долларға түкіргені бар. Қытайға доллар АҚШ-қа саяхат жасағанда ғана керек. Ал бізде 10 мың теңге қалтасына түссе, оны долларға айырбастап қоюға тырысады.
adyrna.kz