ТҮРКІСТАН: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 9 АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 — заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке жауап жолданған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөліміне «Е-лицензиялау» порталы арқылы 2019 жылдың 9 айында мемлекеттік экологиялық сараптамаға 121 құжат келіп түскен. Оның ішінде, 104 құжат қаралып, 67 құжат келісілген, 22 құжат кері қайтарылып, 15 құжат алдын ала сараптамаға жіберілген, ал 15 құжат кері қайтарылып алынған, жобалық материалдардың қарауда қалған — 2 құжат.
«2019 жылдың 9 айында ластаушы заттар шығарындылары және төгінділерінің көлемі 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысына және Шымкент қаласына бөлінуіне байланысты азайып отыр. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын сақталуын қадағалау мақсатында 2019 жылдың 9 айында жалпы 100 тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: жоспардан тыс – 74 тексеру (бұл арыз-шағымдар бойынша); бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 26 тексеру жүргізілді», — деді Имангелді Қансейітұлы. Облыс аумағындағы экологиялық өзекті мәселелерінің бірі жер қойнауын заңсыз пайдалану болып отыр. Аудандық, қалалық полиция бөлімінің жеке және заңды тұлғаларға қатысты хаттары негізінде облыс аумағында заңсыз жер қойнауын (өзен жағалауынан) пайдаланушыларға ҚР ӘҚБтК-і талаптарына сәйкес, 2 146 250 теңге айыппұл салынды және 57 қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшері есептелініп, 30 483 207 теңгеге нұсқама жолданған.