КИЕЛІ ӨҢІРДІ КӨРКЕЙТУГЕ ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ ДА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА

Халқымыз үшін тал егу — қайырымды істердің бірі.

Ал, қайырымды игі іс — қастерлі ұғым, әрдайым бірлікке және адалдыққа үндейтін игі істердің нышаны.

Қайырымды істерді өмірлік серік еткен Департамент қызметкерлері қасиетті жұма күні киелі өңір Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жасыл желек аумағына тал егу жұмыстарын жүргізді.

Бұл игі шара таңертеңнен бастау алып, бекітілген аумаққа ұжымның жұмыла кірісуімен 170 түп терек көшеттері отырғызылды. 

Сондай-ақ, «Құдықтан су ішкен, оны қазғанға рақмет айтады, Ағашты көлеңкелеген, оны еккенге рақмет айтады» — қағидасын мықтап ұстанған басшылық құрам да азаматтық танытып, тал егу жұмыстарына жұмыла кірісті.   

Айта кетейік, қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді қосқан біздің өмірізде алдағы уақытта да осындай игі шаралар өз жалғасын табатынын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.