АҚШ-ТАН КЕЛГЕН БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚҰРАМЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Тәжірибе алмасу шарасы №2-ші облыстық   перинаталдық орталығы мен Ордабасы аудандық аурухана базасында ұйымдастырылды. Науқастың жүрек қағысын қалпында ұстап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетудің қыр –сырымен бөліскен танымал сарапшы II Ричард Чарльс Уилкинсонның бөлісетін тәжірибесі мол. Өз ісінің үздігі жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласында кәсіби маман.  Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының шақыртуымен  үздік жаттықтырушы өңірімізге осымен екінші рет келіп отыр.  Шараны «International Medical Exchange» коммерциялық емес ұйымының директоры Нұргүл Салиева-Шмит қолдауда. Жүрек тоқтап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дереу құтқарып қалу медицина қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік. Шеберлік шыңдаған облыс дәрігерлеріне нәтижесі бойынша біліктілік арттырғандары туралы сертификат табысталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.