Қазырет БЕРДІХАН, ақын: Ұлымыз ба? Ұрымыз ба?

Ұлымыз ба, ұрымыз ба?

“Сардиния аралындағы бір турист “құм ұрлағаны үшін ұсталды” деген ақпаратты оқыдым. Ол азамат осы қылмысы үшін 6 жыл түрмеге жабылуы мүмкін екен. Біздің елдегі ұрлық ше? Ауылдағы елді зарлатқан мал ұрлаушылардың, қаладағы тұрғындардың үйін тонаушылардың, көліктің айнасын пайдасына жаратушылардың, тіпті темір тұлпарыңды “теуіп” кетушілердің қатары күн санап көбейіп келеді. Өткенде ғана, бір ағамның үйін үптеп кетті. Бұл айтып отырғанымыз – ұрылардың ұсағы. Ал, ғылымға бөлінген қаражатты, медицинаға бөлінген миллиардтарды, тағы басқа көптеген қазынаны ұрлағандар тайраңдап жүр. Оны сіз бен біз жақсы білеміз. Бәрі ұры. Біреу қолымен, біреу жолымен, біреу ақылымен, біреу билігімен, біреу қулығымен, біреу танысымен ұрлап жүр. Ұялмай “Ұлы дала еліміз” деп қоямыз. Қазір осы ұлы деген сөздің орнын “ұры” сөзі басып тұрғандай. Ұрылар азаймай, Ұлы даланың ұлы бола алмаймыз-ау.

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.