Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, т.ғ.д., академик: Өз жеріміздің байлығын өзіміз игеріп отырмыз ба?

Біз қазіргі уақытта тәуелсіздік алдық дейміз. Бірақ өз жерімізге өзіміз иеміз бе? Өз жеріміздің байлығын өзіміз игеріп отырмыз ба? Егер сол дәрежеге көтерілсек, тәуелсіздігіміз баянды болғаны. Егер ондай болмасақ, біздің тәуелсіздігімізден еш қайыр жоқ. бұл қарапайым, бірді бірге қосқанда екі болады деген сяиқты дүние.

Біздің жерімізге келіп жатқан инвесторлардың бәрі шетелдік. Балға үймелеген ара сияқты. Диверсификация деп айтып жүргенімізге қанша болды, ал сол қазір нәтиже берді ме? Жоқ.

Қазір, құдайға шүкір, осыншалықты бейшара ха­лық емеспіз. Уни­вер­ситеттеріміз бар. Мамандарды даярлап жатыр. Қазір біз шетелдік мамандарға емес, өз мамандарымызға жүгінуіміз керек. Мен үкіметке: «Жеріміздің бар-жоғын өзіміз түсініп алуымыз керек. Мүкін болғанша өз күшімізбен игеруге басымдық беруіміз керек» деп айтар едім.

«ЖА»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.