Ринат ЗАИТОВ, ақын: … ол ақындардың кінәсі

Қазір ақындар биліктен қорқады. Сондықтан билік айтысты керек қылмай жүр. Билікке айтыс билік айтыстан қорыққан кезде қажет болады. Сол кезде олар назар аударады. Ал қазіргі біздің айтыстың жағдайы билікті қорқытатын деңгейде емес. Ешкім ақындарға «былай айтыңдар, олай айтыңдар» деп айтпауы мүмкін, бірақ «былай айтпаңдар, олай айтпаңдар» деген нұсқау болады. Ақындар соның жетегінде кеткендіктен, қазір айтыс биліктің ойын-сауық отауына айналды. Халықтың өзі айтыстан жалыға бастаған болса, ол ақындардың кінәсі.

Qamshy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.