ТҮРКІСТАН: «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Отбасы — адамның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытатын ыстық ұя.
12 желтоқсан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған «Парасатты отбасы» байқауы қорытындыланды.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы А.Биболова, Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтық комитетінің төрағасы, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Т.Садуов, жеке кәсіпкер Б.Курбаналиева және ата-аналар комитетінің төрағасы Д.Карамырзаев болды.
Іс — шараның негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мәртебесін жоғарылату, озат оқушыны анықтау.
Бұл отбасылық құндылықтар көрініс тапқан байқау Агенттік тарапынан бастау алып, бүгінде Республика бойынша барлық аймақтарда өткізілді.
Облыстық шара аясында байқауға қатысушы өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген 5 отбасы байқауда бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетті.
Сайысқа қатысқан жанұялардың әр қайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Отбасылар балаларының оқудаға және спорттағы жетістіктеріне, өнерлерін мақтан етті және өз отбасыларының жетістіктері туралы әзірлеген зерттеу жұмыстарын бейнеролик арқылы ұсынды.
Отбасы мүшелері сайыс барысында дәстүрлерімізді жаңғыртып, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары, парасаттылық қағидаттары бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
Байқау соңында бірінші орынды Ордабасы ауданынан Алдабергеновтер отбасы иеленсе, екінші орынды Түркістан қаласынан Шакировтар отбасы, ал үшінші орынды Арыс қаласынан келген Орынбасаровтар отбасы иеленді.
Сонымен қатар, 2 отбасыға Шардара ауданынан келген Мұқашевтар отбасы «Өнегелі отбасы», ал Түлкібас ауданына келген Қошқарбаевтар отбасына «Шығармашыл отбасы» ынталандыру сыйлықтары мен грамоталар табысталды.
Байқау соңында Департамент өкілі Ғ.Жүндібаев «адам баласына отбасы беретін қамқорлық пен тәрбиені ешбір қоғамдық тәрбие алмастыра алмайды, «Отан отбасынан басталады» деген мағынасы терең аталы сөз қоғамның тірегі әрбір отбасы екенін бағзыдан біздің санамызға сіңіріп келген. Шын мәнінде отбасында береке — тыныштық болмаса азаматтардың қоғамға белсенді үлес қосуы мүмкін емес — деп атап өтті.
Сондай-ақ, Ғабит Өмірәліұлы бүгінгі күні Департамент тарапынан қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі форматтағы шаралар өтуде. Өздеріңіз куә болып отырған отбасылық шара осының бір айқын дәлелі. Бұл сайыстың өтуіне облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының және осы басқарманың әдістемелік орталығы ұжымның қосқан үлесі ерекше екенін атап өті, оыс шараның өтуіне белсене атсалысқан қызметкерлерге және өңіріміздің әр ауданынан келіп сайысқа қатысып отбасы мүшелеріне алғыс айтты.
Айта кетсек, аталған байқау қараша айының басында барлық аудан, қала көлемінде бастау алған болатын.