АУДАН БАСШЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналып Мақтаарал ауданында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шара аудандық «Мақтаарал сазы» фольклорлық оркестрінің орындауындағы «Егеменді Қазақстан» күйімен басталды.
Мұнан соң сахна төріне аудан әкімі Бақыт Асанов көтеріліп, іс-шараға келген ұстаздар қауымын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, білім саласында белсенді еңбек етіп жүрген ұстаздарды алғыс хатымен марапаттады.
Іс-шара барысында ауданның білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасовтар сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.
Шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп оқушыларының мың бұралған әсем билері мен жүрек тебірентер әндері көрермендердің көңілінен шықты.