ТАРИХПЕН ТАМЫРЛАС, ТАҒДЫРЛАС ТҰЛҒА

Жазушы, тарихшы, шежіреші, Қазақстан Шежірешілер одағының төрағасы, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «Қаламгер» әдеби бірлестігінің төрағасы Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі,  Қазақстан педагогика академиясының профессоры, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтары сыйлықтарының лауреаты, тарихи тақырыптарға жазылған  республикалық бірнеше шығармашылық конкурстардың жеңімпазы,  2007 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының үздік жазушысы   Момбек ӘБДӘКІМҰЛЫНЫҢ асқаралы алпыс  жасқа толуына арналған «Тарихпен тамырлас, тағдырлас тұлға» атты мерейтойлық шығармашылық кеші бүгін Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті.

Момбек Әбдәкімұлы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туған.

1975 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті, 2005 жылы «Көкшетау» университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген.

1981 жылдан бері журналис-тика саласында еңбек еткен М.Әбдәкімұлы «Фосфор үшін», «Қызылқұм» газеттерінде тілші, шығарушы редактор және «Оңтүстік Қазақстан», «Қызық газет», «Уақыт», «Базар жаңалықтары» газетінде бас редактор, 1998-2003 жылдары «Замана» газетінде тілші, «Жаңалық»  газетінде бас редактор болып қызмет істеді.

2007 жылдан бері жеке шығармашылық жұмыста.

Ол Қазақстан педагогика академиясының профессоры, Түркістан аумағында тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген бірден-бір жазушы, шежіреші.

«Зобалаң», «Сүлеймен қарақшы», «Дүрбелең»,  «Күн тұтылған   мезгіл» (трилогия), «Қараман қарақшы», «Естемес би», «Разборщиктің» жан сыры», «Түркістан өлкесіндегі ойран», «Құбыжықтармен алысқан адам», «Қазақстандық наркобаронның ақыры», «Түркістан облысының қысқаша тарихы», «Қазығұрт ауданының тарихы», «Шымкент қаласының тарихы», «Төлеби ауданының тарихы», «Келес және Сарыағаш аудандарының тарихы» сияқты тарихи романдар мен зерттеу еңбектердің және детективті хикаялардың, сондай-ақ қазақ тайпаларының шығу тегі жайында, шежіре тұрғысында жазылған бірнеше кітаптардың авторы.

2015 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырған «Алаш тарихының ақиқаты» атты бәйгесінің бірінші орнын иеленген және республикалық деңгейде өткен бірнеше әдеби бәйге-конкурстардың жүлдегері. Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың, «Білім шыңы», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы», «Облысқа сіңген еңбегі үшін»,«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы», «Ұлы Дала Батыры» «Желтоқсан қаһарманы»және ҚР Мәдениет министрлігінің «Ең үздік өлкетанушы» медальдарының иегері. Асқаралы алпыстың жалын ұстаған қарымды қаламгер жерлесімізге зор шығармашылық табыс тілейміз.

«Қазақстан жолы» газетінің редакция ұжымы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.