МАҚТААРАЛДЫҢ СПОРТ САЛАСЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ КӨП

Мақтаарал ауданының спортшылары 198 алтын, 245 күміс, 329 қола медальдарға қол жеткізген. Оның ішінде ҚР-ның, Әлем және Азияның чемпиондары да бар.

Бүгінгі таңда ауданымызда 3 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері тіркелген. Аталған мекемелерде спорттың 12 түрі дамытылып, ондағы 89 топтағы 49 жаттықтырушы 1467 спортшымен жұмыс жүргізуде. Спорт мекемесінде спорт түрлерімен жаттығатын спортшылар Халқаралық, Республикалық, Облыс чемпионаттарында үлкен жетістіктерге жетіп жүр.

Ауданда жалпы 245 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 54 спорт зал, 188 спорт алаңша, 6 street-workout, 1 жеке меншіктегі бассейн және 2 стадион алаңы. Аталған спорттық нысандарға аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануларына мүмкіндіктер қарастырылған. Ағымдағы жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 39 500 адамды құрап, ауданда барлық жастағы халықтың қамтылуы 30%-ға жетіп отыр.

2019 жылы дене шынықтыру және спорт саласында қабылданған іс-шаралар жоспарына сәйкес, спорттық іс-шаралардың барлығы да «Спорт нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы», «Жастар нашақорлыққа қарсы»,  «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», «Алға жемқорлықсыз Қазақстан», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» және т.б. ұрандарымен өткізілді. Жалпы бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2019 жылдың 12 айында  аудан аумағында 200-ден аса бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілген.

Ауданымызда өткен жылы спорт саласында тарихи оқиғаларда көп болды. Соның негізгілеріне тоқталып өтетін болсақ, ағымдағы жылдың 15-17 наурыз күндері Атакент кентідегі №2 БЖСМ-нің спорт залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен қол добынан жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Түркістан облысы чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста ауданымыздың қыздар командасы І орынды, ұлдар командасы ІІ орынды жеңіп алды.

Қырғызыстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатының чемпионы, жерлесіміз Төлеген Атақұлов Бақытұлы сәуір айында Атакент кентіне келіп, ауданның жастары мен жасөспірімдеріне мастер-класс жүргізді. Сонымен қатар,  дәл осы айда ҚР құрама командасының мүшесі, тағы бір жерлесіміз  Төлеп Нұрислам Алматы қаласында Ұлттық ат спорт түрлерінен өткен І Азия чемпионатында көкпардан Қазақстан жастар ұлттық құрамасы сапында чемпион атанды.

«Жастар жылы» аясында маусым айында басталған аудан әкімінің кубогына арналған футболдан ересектер арасындағы ауданның ашық біріншілігі 3 айға созылып, тамыз айында аяқталды. Аталған додаға 2 кент және 9 ауылдық округ тұрғындарынан құралған командалар қатысып, ауқымды іс-шара спортқа қызығушы тұрғындардың санын арттырды.

Қазан айында ауданымызда алғаш рет бокстан қыздар арасында халықаралық турнир өтті. Аталған турнирдің ашылу салтанатына 2004 жылы бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, ҚРЕСШ 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Артаев және Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, ҚРЕСШ Нұржан Сманов қатысып, спортшыларға шабытты сөздерін арнап, сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.