ТҮРКІСТАН: БОЛМЫСЫҢ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ – ХАЛҚЫҢА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТ

Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашанда адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелерінің кезекті кездесу Кентау қаласына қарасты Үшқайық ауылдық округінде өтті.

Ауыл тұрғындарымен өткен мақсатты жиынға облыстық ақпараттық — ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов және Ерұлан Тұңғышбаев, сондай-ақ, ауылдық округі әкімі аппаратының, пошта және ұлғатты ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында штаб мүшесі А.Абпазов қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.

Ал, Ерұлан Икрамұлы негізгі мақсат киелі Түркістан өңірін жемқорлықтан ада өңір ету үшін үлес қосуға үндеді.

Кездесу соңында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.