Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: Халық айтса, қалт айтпайды
Атқарушы органдардың өкілдері, әсіресе жергілікті әкімдер халықтың хал-ахуалына селқос қарамауы керек. Біз халықпен кездесулерде айтылатын, елді мекендерге барғанда көзімізбен көретін мәселелерді жергілікті шенеуніктер күн сайын көріп жүреді ғой. Ал енді осы мәселелермен бетпе-бет келе тұра, халық алдында жылына бір рет көпе-көрінеу жаттанды есеп береді. Тіпті сұрақ қоятын адамдардың өзін белгілеп қоюдың қажеті қанша? Халық айтса, қалт айтпайды. Олар бар мәселені ғана айтып, өзіне тиесіліні ғана сұрайды.
«АА»