Қабидолла ЖАҚЫПОВ, Мәжіліс депутаты: Қазақстанға мұның қандай қажеті бар?
Құмар ойындардың қай-қайсысы болса да, халыққа пайда әкелмейді. Пайдасынан зияны көп ойынханалардың барлығын жабу керек. Ал шет елдік интернет-казино сайттарының ашылуына мүлдем рұқсат беруге болмайды. Мұндай құмар ойындарды таратып жатқан Америка болсын, Еуропаның өзге елдері болсын, тек бір ғана мақсатты көздейді – ақша тонау. Әйтпесе шетелдерге аударылып жатқан азаматтарымыздың ақшасы үшін олар, керек десеңіз, салық та төлемейді. Сонда Қазақстанға мұның қандай қажеті бар?
«АА»