Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, әнші, өнертанушы: … орындалмайтын уəде
Президент бүгінгі болған ұшақ апатынына кінəлілерді қатаң жазалаймын деп жатыр. Қайтіп жазалайды? Өйткені мемлекет қазынасын тонаған қарақшы шенеуніктерді заң күшімен жауапқа тартып, қылмыстық кодекс баптарымен жазалаудың ешқандай механизмдері жұмыс істемейді ғой. Оның дəлелі – ірі акулалар ұсталмайды, ал ұсталған күнде жыртық аудан жылп ете қалған жылбысқы шортан құсап сытылып шығып кетіп жатыр. Бұл жолы да шабақтар тұтылып, шортандардың құтылып кететінін бұған дейін коррупциямен күрестің талай науқанын көріп келе жатқан байғұс халық біліп отыр. Сондықтан Президенттің кінəлілерді қатаң жазалаймын дегені болмайтын əңгіме, орындалмайтын уəде. Ел жолынан жүдейді, жемқорлықтан тозады.
alashainasy.kz