ҰЛЫ АҚЫННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концертке қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірлерінде және шетелдерде жыл бойына ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.
Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева, Берік Айтжанов, сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады.
«Ақорда»