ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің ортақ парызымыз. Өйткені бұл індет біздің тәуелсіз мемлекетімізге де айтарлықтай нұқсан келтіріп отыр.

Алайда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында қоғам дертіне қарсы нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы заң аясында бұл дертпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ. Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін болмаған күннің өзінде біз мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылықтарға бой алдыруының алдын алып, олардың білім деңгейін,әдептілік ұстанымын көтеруге баса мән бергеніміз жөн.

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеуіміз керек, әрі аталған дертке қоғам болып қарсы тұрғанда ғана халық сенімінен шығатынымыз анық.

Ал жоғарыда аталған бұл індетке қарсы Заңның да басты көздегені – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Оның айтарлықтай нәтижесін көріп отырмыз. Бұл мәселе БАҚ бетінде де аз жазылып жүрген жоқ. Өйткені егемен елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған тосқауыл болуда жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бастысы, бізге ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасса, заңға қайшы әрекеттерге бару да тыйылады. Сол себепті де  жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін насихат жұмыстарын күшейткен дұрыс.

Тіпті Тұңғыш Президентіміз «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесін көтеріп, оның алдын алу жолдарын да нақты көрсетіп берді.  Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететіні сөзсіз. Ендеше, жемқорлыққа жол бермей, рухани жаңғырған жасампаз елдің ертеңін баянды ету баршамыздың міндетіміз екенін де жадымызда ұстайық.

У.Джумадилова,

ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ 167/10 мекемесінің заң кеңесшісі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.