Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: Елімізде дамудың сиқы осындай

Бес жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің экспорты 19 процентке өседі деген жоспар болған. Алайда бұл – тым төмен көрсеткіш. Себебі бір жылға есептегенде 3,8 проценттік өсім ғана шығады. Ал ондай өсімді “үдемелі даму” деп атауға болмайды. Ол жоспардың өзі орындалған жоқ. Экспорт тек 14,6 процентке ғана артты. Сонда бір жылда 3 проценттен де төмен болып тұр.

Өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігі 6,6 процентке ғана өсті. Бұл 22 процентке артады деген жоспар болған. Демек, индустрияда сапалы өзгеріс мүлдем жоқ. Ал кейбір салаларда еңбек өнімділігі, керісінше, түсіп кетті. Мәселен, тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім өндіру 5 процентке төмендеді, автокөлік құралдары – 13 процентке, ауыл шаруа­шылығы техникасы 28 процентке түсіп кеткен.

Екінші бесжылдықтың басында өңдеу өнеркәсібі саласында 552 мың адам жұмыс істеген. Бүгінде олардың саны 598 мыңға жетті. Бес жылда небәрі 46 мыңына қосымша жұмыс орны ашылды.

Осы салада орташа еңбекақы 137 000 теңгеден 209 000-ға дейін өсті делін­ген­мен, инфляцияның деңгейін ескерсек, жа­ла­қы 730 доллардан 540-қа дейін қысқарған.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.