ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ: Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал басқаратын

Осыдан бір ғасыр бұрын Алаш орда көсемдері шықты, тарих сахнасына. Және олар бірлі-жарым емес лек-легімен, топ болып шықты. Әрқайсысы ерекше қабілетті, дара тұлғалар болды. Барлығы халқын өнер-білімге, ғылымға, өркениетке шақырды. Олар азғантай өмірлерінде артына мол мұра қалдырды. Сол сияқты 1986 жылғы дүмпу де біздің халқымыздан шықты. Егер ешбір ойсыз, ұйқыда жатқан жалқау халық болсақ, мұндай тарихи оқиғалар біздің елімізде болмаған болар еді. Біз социалистік жүйеден кейін бірден нарықтық қоғамға өттік. Және ешқандай дайындықсыз өттік. Кезінде бір ауылды бір бай асырап, бір ақсақал ақыл айтып басқаратын. Халықтың қаржылық сауатын артыруда, нарыққа бейімдеуде ұлттық буржуазия жұмыс істеу керек еді. Ұлттық идеология дұрыс жолға қойылмады. Мұ­ның барлығы кешенді жобалар арқы­лы іске асатын ауқымды жұмыстар. Ал мемлекет халқының әлсіз тобына кө­мек қолын созады. Бұл түсінікті. Бірақ тұрғын­дардың 70-80 пайызы үкіметтен көмек күтетін болса, бұл дұрыс түсінік емес.

turkystan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.