Электронды өтініш беру
Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз.
ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.
- Бұл үшін:
- Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
- «Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз
- Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз
- ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз
Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.