ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ТОП ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері Түркістан қалалық емханасының қызметкерлерімен арнайы кездесіп, парасаттылық құндылықтары аясында ашық диалогтық алаң құрды.
Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау.
Ақ халатты абзал жандармен өткен келелі кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері А.Абпазов, Е.Тұңғышбаев пен денсаулық сақтау саласының жауапты қызметкерлері мен мекеме ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Айдос Кенжеханұлы Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатынын айтты.
Ал, Ерұлан Икрамұлы халық үніне құлақ түру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін тілге тиек етіп, ұжым қызметкерлерімен жүзбе-жүз кездесу — ақпараттық ағартушылық бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже беретінін атап өтті.
Адалдық пен парасаттылық құндылықтары сөз болған жиын соңында, кездесу тек медицина саласының қызметкерлері ретінде ғана емес, ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар ретінде де өткені айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.