ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ — БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының бизнес өкілдері алдындағы есептік кездесуі өтті.
Кәсіпкерлерді қолдау мен қорғауға бағытталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкері Ғабит Жүндібаев, облыстық Кәсіпкерлер Палатасаның Өңірлік Кеңесінің төрағасы Қ.Абасов пен өңірлік кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстағы бизнес өкілдері қатысты.
Басқосу барысында кәсіпкерлердің құқығы мен бизнес жүргізудің тиімді жолдары талқыланып, 2019 жылы аудан және облыс бойынша бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау бойынша күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер ортаға салынып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін шектейтін, келісілмеген әрекеттер қарастырылды.
Шара соңында жиынға қатысушылар толғандырған мәселелер аясында бірқатар сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.