ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БИЫЛ 78,5 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛЕДІ
Биыл Түркістан облысының Жетісай ауданында 78,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егіледі деп жоспарлануда. Оның басым көпшілігін мақта дақылы құрап отыр. Яғни биыл ауданда 45,1 гектар егістік алқапқа мақта дәні себілетін болады. Екінші басымдық бақша дақылдарына берілмек.Нақтырақ айтсақ, биыл жетісайлық диқандар 17 мың гектар жерге қауын мен қарбыз егуге ниеттеніп отыр. Бұдан бөлек, ауданда 3,6 гектарға — көкөніс, 4,8 гектарға — дәндік жүгері, 2,7 гектарға — мал азықтық дақылдары, картоп — 0,2 га, күріш — 0,8, маш — 0,2, күнбағыс — 0,1 гектарға егілмек.
Қазіргі таңда шаруалар көктемгі агротехникалық және сор шаю жұмыстарын жүргізуде. Бүгіннің өзінде аудан бойынша 65 593 гектар жер айдалып, 43 961 гектар жерге пал алынған. Нәтижесінде бүгінгі таңға сор шайылған жер көлемі 19 295 гектарды құрап отыр.
Аудан шаруалары 1055 гектар алқапқа ақпан айынан бастап ерте егілетін қырыққабат дақылдары егілді. Көкөніс дақылдарын егу жұмыстары жалғасуда.
Биылғы жылға 45,1 мың гектар алқапқа мақта егу жоспарлануда. Оған 1400 тонна мақта тұқымы қажет. Ауданда мақта тұқымын дайындайтын кәсіпорындарында бүгінгі таңға 1149 тонна шит дайындалған. Мақта тұқымын дайындау жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша мақта тұқымдарының жетіспеушілігі болмайды.