ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҮСТЕМЕ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША ТИІСТІ ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕНДІ

2020 жылдың 2 наурызындаТүркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар мемлекеттік органдарда қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бойынша жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы тыңдалды.

Іс-шараға Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының қызметшілері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатыстырылып, бірқатар мемлекеттік органдардың қызметшілері үстеме жұмыстарға тартылғаны анықталды.

Атап айтқанда, жүргізілген іс-шара барысында, Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында, Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінде бірқатар мемлекеттік қызметшілердің  жұмыс орнында болғандары анықталды.

Бұл ретте, аталған қызметшілерді үстеме жұмыстарға тарту жөнінде тиісті бұйрықтар қабылданбаған.

Осыған орай, мемлекеттік органдарда қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бойынша жүргізілген іс-шаралар өз жалғасын табатыны және барлық мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытысы аяқталғанда жиналыстар өткізбеу, жұмыс жүктемелерін біркелкі қалыптастыру, тайм-менеджмент уақытты ұйымдастыру технологиясын қолдану бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңесте қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларының талаптарын сақтамағаны үшінСозақ ауданы бойынша Мемлекетік кірістер басқармасының басшысы А.Табылдиевтің тәртіптік ісі қаралып, «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары, қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері бойынша есептері тыңдалды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.