ТҮРКІСТАН: АӘК-ТІҢ АРҚАСЫНДА ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТҚАН ОТБАСЫ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Әйгерім Әлімбекова 5 баланың анасы. Былтыр бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 1 млн 389 мың теңге көлемінде қаржы алып, үй ауласынан құс шаруашалығын ашқан. Бүгінде 100 бас бөдене мен 50 бас тауық асырап отыр. Бұдан бөлек, биыл тағы да 100 бас балапан бастырып жатыр екен.
«Атаулы әлеуметтік көмектің шарапаты мол болды. Бала-шағамыздың несібесіне үкімет қарасып, мол қаржы берді. Соның шашауын шығармай, күйеуім екеуміз жеке кәсіп ашуды ойластырдық. Бүгінде тұрмысымыз жақсы, табысымыз да жыл санап молайып келеді. Ендігі арманым – құс шаруашылығын ұлғайтып, құс басын 500 данаға жеткізу», – дейді Әйгерім Әлімбекова.
Абай ауылында бөдене жұмыртқасына сұраныс мол екен. Әсіресе, базардағы сауда дүкендері мен асханалар тапсырысты көп беретін көрінеді. Бірақ, Ә.Әлімбекова құс өсірудің өзіндік қиындықтары бар екенін де жасырмады. Арнайы тауық қораның да қажеттілігі туындапты. Алдағы уақытта ол арнайы үй ауласынан арнайы қора салып, құс санын 1000-ға жеткіземін деп отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.