ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА КЕПІЛДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ҮЛЕСТІРІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысының Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға алғашқы кепілді әлеуметтік көмек беріле бастады. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік көмектің жаңа түрі. Аталған көмектің екі түрі бар. Олар — азық-түлік пен гигиена құралдары.
Созақ ауданында бұл кепілдендірілген әлеуметтік пакетке 929 баланың құқығы бар. Бұл көмекті үлестіріп беру құқығын созақтық «Бен-строй-сервис» ЖШС ұтып алыпты. Олар отандық тауарөндіруші компаниялармен келісім шартқа отырып, аталған көмекті дер кезінде үлестіріп беріп отыр. Ал қоймалары Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған елдімекеніндегі «Береке» сауда орталығында орналастырылыпты.
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Абдуахат Бәкіровтің айтуынша, әлеуметтік көмек алатын 1074 отбасы бар. Сол отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 929 баланы азық-түлік пен гигиена құралдарымен қамтамасыз ету үшін 86 млн. теңге қаралыпты. Азық-түлік жиынтығы айына бір рет беріледі, ал тұрмыстық химия жиынтығы тоқсанына бір рет үлестіріледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.