ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР ЫҚШАМ АУДАНҒА ТАБИҒИ ГАЗ КЕЛДІ

Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың қорытындысымен 4 ірі нысаннан магистралды газ құбыры тартылып, 3 нысанның ішкі жүйелері толығымен табиғи газға ауысты. 200-ге жуық абонент табиғи газға қосылып, 587 абонентке «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ тарапынан техникалық шарт берілді.

Түркістан қаласындағы «Бекзат» ықшам ауданындағы тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласы «Отырар» ықшам ауданы, ХКТУ тұрғын үйлер массиві аумағындағы ГРП-1 нысанында орналасқан 14 үйге газ берілген болатын. Олардың қатары 38 абонентке толықты. Қалған тұрғын үйлерге газға қосу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда ауқымды шараның 4 кезеңі толықтай аяқталған. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы желтоқсан айына дейін Түркістан қаласының тең жартысы, яғни, 20 000 абонентке газ қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін табиғи газға зәру 78 елдімекеннің жартысынан астамына құбыр жүргізіліп, мәселе шешілді.  Бекітілген жол картасына сәйкес, 39 елдімекен жыл соңына дейін 100% «көгілдір отынға» қосылатын болады. 2019 жылы 54 табиғи газ нысанының құрылысына 19,3 млрд.теңге бағытталып, жылдың қорытындысымен 34 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 412 елді мекен (48,9 %) немесе 1 108, 9 мың халық табиғи газбен қамтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.