ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БЕТПЕРДЕ ТІГУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша барлық шаралар қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.

Өңірде бетперделердің тапшылығына байланысты цехтар өз жұмыстарын қарқындатуда. Дәріханалар мен бөлшек саудада туындаған медициналық бетперде тапшылығын жою үшін бүгінде  кәсіпкерлер өз үлесін қосып, өнімді арттырып жатыр.

Мәселен, Жетісай қаласындағы «Айнұр» және «Әсем» жеке кәсіпкерлік нысандары күніне 3000-ға жуық медициналық бетперде тігіп, сатылымға шығаруды қолға алды. Алдағы уақытта жұмыс күшін арттырып қуаттылығын 4000 данаға жеткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.