ТҮРКІСТАН: «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АСА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Түркістан облысында аса мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылып жатыр. Ұлты отан соғысының ардагерлеріне, көп балалы отбасылар, жалғыз ілікті аналарға ылғалды майлықтар, антисептик, медициналық бетперде, қағаз майлық пен азық- түлік таратылуда.

«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Біз біргеміз!» республикалық акциясын жүзеге асырып жатқан «Nur Otan»  партиясы Сайрам аудандық филиалының мүшелері мен еріктілермен кездесті. Аудан көлемінде 130 отбасы аталған көмекке қол жеткізді.

Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайтарымды іс барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аса мұқтаж 1300-дей азаматтың тізімін жасақтады.

Елбасы Н.Назарбаев Үндеуінде қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынды. Түркістан облысында Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры таңдалып алынды. Аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына «Nur Otan»  партиясының, «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасының және Ардагерлер кеңесінің өкілдері енгізілген. «Біз біргеміз!» акциясының орындалуы облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.