ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНАН САLL- ОРТАЛЫҚ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Пандемияға байланысты мемлекет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанда төтенше жағдай енгізіп, барлық сақтық шараларын ұйымдастыру жұмыстары мемлекет тарапынан жүргізілуде.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі коронавирус инфекциясының біздің елде белең алуына жол бермей, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.
Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарыңызға шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылуда.
Орталық төтенше жағдайда туындаған сауалдарға жауап беретін болады.
Арнайы іске қосылған Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайтын болады.