АЛАЯҚТЫҚ АСҚЫНЫП ТҰР

Ауыр жүк көлігі авторефрижераторынан Еуропаға заңсыз өтпекші болған 39 Қытай босқынының мәйіті табылды… Грецияның суды қорғау қызметі Оңтүстік Африка елдерінің бірінен 47 босқынды паромнан түсіріп алды…Осындай жаңалықтар саны соңғы кезде көптеп кездеседі.

Кейбір теріс ниетті отандастарымыздың әрекеті әшкереленуде. Мәселен, 2017 жылғы маусымда Қостанай қаласында тұратын отбасылық жұп Нигерия адамдарының тобымен танысқаннан кейін заңсыз жолмен жеңіл түрде баюды көздеп, Нигерия, Пәкістан, Камерун, Гвинея, Конго Республикасы, Уганда, Конго Демократиялық Республикасы (Заир), Гана, Сьерра-Леоне сияқты елдерден босқындарды Қазақстан арқылы Еуропаға өткізуді ұйым-дастырмақ болады.

Оны жүзеге асыру тәсілі өте қарапайым. Яғни заңсыз көші-қон арнасының жаңа ұйымдастырушылары шетел жұмыс күшін шақыру мақсатында жергілікті уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, рәсімдеусіз әртістер мен спортшыларды тарта отырып, жалған агенттік ашады.

Қостанай облысы бойынша Әділет департаментінде «Қазақстан футбол клубтарының халықаралық ассоциациясы» ЖШС агенттігін тіркеп, үлкен кәсіпкерлік құлшыныспен шетелдіктер үшін жалған шақыруларды қарқынды түрде ресімдеуге кіріседі. Бір шетелдікті ресімдеу үшін санатына және визаның қайталануына қарай ұйымдастырушылар 500-ден 2000 АҚШ долларына дейін алып отырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл алаяқтық жұмыс 4 айға созылады.

Отбасылық іс бұдан әрі де өрге дөңгелей беретін еді, бірақ олардың заңға қайшы әрекеті туралы ақпарат қостанайлық чекистердің назарына ілігеді.

Оларды шындығында да қазақстандық қалаға спортшылардың көптеп келуі күдіктендірген болатын. Спортшылар бар, ал жарыстар жоқ.

Сонымен қатар, Қостанай қаласының әуежайында елімізде болу мерзімін асырып жіберумен көзге түскен шетелдік азамат ұсталады.

Сонымен қатар,  Нигериядағы Жас футболшылар ассоциациясы менеджерлерінің бірі интернетте жұмыс визаларын ресімдеу бойынша өз қызмет көрсетулерін ұсынатыны туралы отбасылық жұптың хабарландыруы шеңберінде телефон арқылы олардан көмек сұрап, өтініш білдіреді. Ол Африка елдерінен біздің елде болуға, ал кейіннен шет елдерге өтуге мүмкіндік беретін жұмыс визалары қажет клиенттерді беруді ұсынады.

Жедел уәкілдерді Қостанай қаласына африкалық елдерден келген өкілдердің бірқатарының бір тәуліктен кейін есептен шығып, Қазақстанның басқа қалаларына кеткені, ол жақта шоу-бизнес пен спортқа мүлдем қатысы жоқ құрылыс, телекоммуникациялық және басқа да компанияларға жалдамалы жұмысшы болып орналасқаны назар аудартты. Бұл мәселе бойынша Нигерияның, Пәкістан мен басқа да елдердің 250-ден астам азаматы анықталды.

Бұл отбасылық жұп заңсыз бизнестен төрт айдың ішінде шамамен 80 миллион теңге пайда көреді. Бұрын жасаған алаяқтық істері бойынша өтелген соттылығы бар екі алаяқ үшін бұл сома елеулі болатын.

Яғни олар 260-тан артық шақыруды қылмыстық жолмен ресімдеп, спортшы, ойын-сауық индустриясы өкілі мен жеке кәсіпкер ретінде виза алған. Алайда шын мәнінде олай болмай шықты. Осы тәсілді пайдалана отырып 87 шетелдік Қазақстанның әртүрлі қалаларына келіп, еңбек әрекетін жүзеге асырған.

Кейіннен, шетелдіктерді құжаттандыру мақсатында ұйымдастырушылар өздерінің «Алкау-7», «Жаңа Талап-2005» ЖШС-ларын пайдаланады. Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Көкшетау, Талдықорған, Қарағанды, Петропавл және Қапшағай қалаларында филиалдарын ашады. Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерлері мен олар тіркеген ЖШС-ларда сот санкциясымен жүргізілген тінту іс-шаралары нәтижелерінде олардың заңға қайшы әрекет еткені дәлелденіп отыр.

Ұсталған зайыптылар қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Олар ресімдеген шетелдіктер ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан шегінен тыс шығарылды.

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.