ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНА ПАЙДАЛЫ ӨНІМДЕР
* Жаңғақ дәнінің арасындағы қабыршықты кептіріп, ұнтақтап, 1 ас қасығын 250 г іспіртке салыңыз да, аузын ауа кірмейтіндей етіп бекітіп, 1 ай салқын жерде сақтаңыз. Дайын болған соң, 15-20 тамшысын 50 г жылы суға қосып, 2-3 ай бойы 3 мезгіл ішсе, жүректің барлық сырқатына ем болады.
* Долана жемісінің 200 грамын жуып, 200 г суда 30 минут баяу жанған отта қайнатып, 2-3 ай 1 стақаннан 3 мезгіл ішіңіз.
* Қызыл долана ағашы қабығының ішкі жағындағы ақ кілегей қабығын кептіріп, ұнтақтап, 2 ас қасығын 1 литр суға салып, 10 минут қайнатып, 2 тәулік тұндырады. Осыған 1 ас қасық бал қосып, күніне 20-25 г үш мезгіл ас алдында 1 ай ішу керек. 10 күн демалып, тағы қайталай берсе болады.
* Долананың гүлін көлеңкеде кептіріп, 200г ұнтағын 2 литр балға араластырыңыз. 3 мезгіл 3 ай бойы күн сайын ас алдында ішу керек.
* Шие мен сары өрік компотын үнемі үздіксіз ішіп жүрсе, жүректің талмасын кетіреді.
* Алмұрт дәнінің 200 грамын 3 литр суға салып, 40 минут қайнатамыз. Сүзіп алып, алма сөлінен 100 г қосып, күніне 3 мезгіл 50 грамнан ішсе, қан қысымы қалпына келеді.
* Қабығынан аршылған пісте 0,5 кг, сары мейіз 0,5 кг, жаңғақ дәні 0,5 кг алып, әбден түйгіштеп араластырады. Осы қоспаға 1кг құйрық пен 1 кг балды қосасыз. Осыны жүрек ауруының барлық түріне 1 ас қасықтан 5 мезгіл жеу керек.