СҮЙЕККЕ ТАҢБА БОЛҒАН СӨЗ
Бір әйел күйеуі мен енесі күн сайын ұрып-соғып, балағат сөздер айтып күн бермеген соң, баласын жетектеп төркініне қарай бет алыпты. Жолда ол әйелді Алдаберген би көріп қалып, мән-жайға әбден қанығады. Сосын қағазға бір сөз жазып:
«Бір ашуыңды бас, еліңе қайт. Ал мына қағазды пәленшеге берерсің» деп әйелді райынан қайтарады. «Алдаберген би берді дерсің» дейді қосымша. Осы сөзді әлгі ауылдың үлкені оқығанда, тұрған жерінен отырып қалып:
«Әй, әттеген-ай! Сүйекке таңба басылды ғой. Тірідей көмілдік қой. Енді қайттік?» -дей беріпті. Сөйтсе қағазға мына сөз жазылған екен:
Қойдан қозы туады шөп жейтұғын,
Иттен күшік туады боқ жейтұғын.
Осындай бейсауат сөз сөйлегенге,
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтұғын.